Кіріспе.
Delphi (Де́лфи) — аттас жобалау ортасында қолданылатын бағдарламалау тілі. Алғашқыда бұл бағдарламалау тілі Object Pascal деп аталатын болған. Delphi 7.0 жобалау ортасынан бастап, Borland компаниясының ресми іс-қағаздарында Delphi атауы Object Pascal тіліне қатысты қолданыла бастады.
Бастапқыда Delphi жобалау ортасы Microsoft Windows қосымшаларын әзірлеуге қолдануға ғана шығарылды. Кейін GNU/Linux платформаларында да жүзеге асырылды, бірақ 2002 жылы Kylix 3 шыққаннан кейін бұл жоба тоқтатылды. Осыдан кейін Borland компаниясы өзінің Delphi жобалау ортасының Microsoft .NET платформасын қолдайтындығы туралы ресми мәлемдеме жасады.
Delphi бағдарламалау ортасының интерфейсі
Тарихы
Delphi – Turbo Pascal тілінің дамуы нәтижесінде пайда болған бағдарламалау ортасы, ал Turbo Pascal, өз кезегінде Pascal тілінен дамытылған. Паскаль толықтай процедуралық тіл болып табылған. Turbo Pascal-дың 5.5 нұсқасынан бастап объектілі бағытталған қасиеттер пайда болды. Осы кезден бастап Object Pascal тіліне мәліметтер типтерінің динамикалық идентификациясы қосылды. Бұл қасиет компиляцияланатын кодта кластар метамәліметтеріне рұқсат ету мүмкіндігін қосты. Бұл технология RTTI (Runtime Type Information) атауын алды.
Object Pascal тіл![]()
Категория: Курсовые работы
Другие рефераты по теме: